
Байтелиев Мәди Мұратбекұлы
Бәйдібек ауданы прокуроры
Өмірбаян
Мәди Мұратбекұлы Байтелиев 1980 жылы Ресей Федерациясы Свердловск қаласында туылған.
Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2003 жылдың наурыз айында Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Осыдан соң, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, басқарма аға прокуроры, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы прокурорының орынбасары, Шардара ауданы прокурорынын орынбасары, Сайрам ауданы прокурорының орынбасары, Түркістан облысы прокурорының көмекшісі, облыс прокурорының аға көмекшісі, Түркістан қаласы прокурорының орынбасары, Кентау қаласы прокурорының орынбасары лауазымдарын атқарған.
Соңғы қызмет орны - Түркістан облысы Сауран ауданы прокурорының орынбасары.
