Жеңіс Асқар Жеңісұлы

    Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Араб мемлекеттері лигасы жанындағы Уәкілетті өкілі

    Жеңіс Асқар Жеңісұлы
    Посол

    Жеңіс Асқар Жеңісұлы

    Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Араб мемлекеттері лигасы жанындағы Уәкілетті өкілі

    Өмірбаян

    Асқар Жеңісұлы Жеңіс 1974 жылы 24 ақпанда туылған.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті (1996)

    Араб, ағылшын, түрік тілдерін меңгерген.

    1997-2000 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол басқармасының референті, атташесі, үшінші хатшысы.

    2000-2001 жж. «Қазақойл» ұлттық мұнайгаз компаниясы» жабық акционерлік қоғамы Протокол секторының меңгерушісі.

    2001-2002 жж. «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамының Ұйымдастырушлық - бақылау департаменті директорының орынбасары.

    2002-2003 жж. «Казтрансгаз» жабық акционерлік қоғамының менеджері.

    2003-2004 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы.

    2004-2007 жж. Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы.

    2007-2008 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің басқарма бастығы.

    2008 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының бас консультанты.

    2008-2012 жж. Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы (Түркия Республикасы) Бас консулы.

    2012-2014 жж. Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы (Біріккен Араб Әмірліктері) Бас консулы.

    2014-2020 жж. Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

    2020-2021 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы.

    2021-2022 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы.

    2022-2024 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры.

    2024 ж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

    2025 ж. 5 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

    II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

    Үйленген, 3 баласы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері