
Ахметов Нұрлан Нұртайұлы
Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Ахметов Нұрлан Нұртайұлы 1990 жылы, Айыртау ауданының Сырымбет ауылында дүниеге келген.
Жоғары білімі бар: 2011 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын «қаржы маманы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Көкшетау қаласындағы М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында бастаған.
2014-2015 жылдары Көкшетау қаласының мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жоспарлы-экономикалық жұмысы бөлімінің экономисі қызметін атқарған.
2015-2017 жылдары Ақмола облысы автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының экономика, жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарған, сондай-ақ бөлім басшысы және бас маман қызметтерін атқарған.
2017-2019 жылдары Ақмола облысы әкімінің аппаратының өндірістік сала талдауы бөлімінің бас маманы болған.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақмола облысы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша бас инспекторы қызметін атқарып келеді.


