Баязитов Еркебұлан Сағитдинұлы

    «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы

    Баязитов Еркебұлан Сағитдинұлы
    Басқарма басшысы

    Баязитов Еркебұлан Сағитдинұлы

    «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы

    Өмірбаян

    Туған күні мен жері: 1989 жылғы 13 қыркүйек, Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы

    Ұлты: қазақ

    Білімі:

    2008 – 2011 жж. – Батыс Қазақстан медициналық колледжі, мамандығы – «Гигиена және эпидемиология»

    2011 – 2014 жж. – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, мамандығы – «Педагогика және психология», бакалавр

    2019 – 2021 жж. – Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, мамандығы – «Денсаулық сақтау менеджері», магистратура

    2022 – 2024 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, мамандығы – «Мемлекеттік саясат», магистратура

    2011 – 2012 жж. – тамақтану жөніндегі маман, Батыс Қазақстан облыстық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» филиалы

    2012 – 2017 жж. – Жаңақала орталық аудандық ауруханасында эпидемиолог көмекшісінен бастап ұйымдастыру-әдістемелік бөлім меңгерушісіне дейінгі қызметтерді атқарды

    2017 жылғы ақпан – 2017 жылғы қазан – статистик, бөлім басшысы, Батыс Қазақстан облыстық РМК ШЖҚ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» филиалы

    2017 – 2019 жж. – Түркістан облысы (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы) Денсаулық сақтау басқармасында бас маман, бөлім басшысы

    2019 – 2020 жж. – Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша аудандық ауруханасында ішкі аудит маманы, поликлиника меңгерушісі

    2020 – 2025 жж. – СҚО Денсаулық сақтау басқармасы, бас маман, басқарма басшысының орынбасары

    2025 жылғы қаңтардан бастап – 2025 ж. шілдеге дейін – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары

    2025 ж 25 шілдеден бастап– қазіргі уақытқа дейін – «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы » ММ басшысы

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері