
Бөкеев Бүркіт Серікұлы
Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы басшысы
Өмірбаян
1976 жылы 30 қаңтарда Кустанай облысы, Кустанай қаласында дүниеге келген.
2 жоғары білімі бар, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін аяқтаған: 1997 жылы «Тарих» мамандығы бойынша, 2002 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша.
Әр түрлі лауазымдарда мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда жұмыс істеген.
Мансап:
* Қостанай облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің инспекторы (2001 ж. қыркүйек-2004 ж. шілде);
* Қостанай облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы (2005 ж. наурыз-2006 ж. тамыз);
* ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің консультанты (2006 ж. тамыз-2011 ж. қаңтар);
* ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің бастығы (2011 ж. қаңтар-2014 ж. қараша);
* ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы (2014 ж. қараша-2015 ж. мамыр);
* Қостанай облысы әкімдігі дін істері жөніндегі басқармасының «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен тұлғаларды оңалту бөлімінің басшысы (2016 ж. қазан - 2017 ж. қазан);
* Қостанай облысы әкімдігі дін істері жөніндегі басқармасының «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ директорының орынбасары (2017 ж. қазан-2018 ж. шілде);
* Қостанай облысы әкімдігі дін істері жөніндегі басқармасының «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ директоры (2018 ж. тамыз-2025 ж. қаңтар);
* «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы (2025 ж.14 қаңтардан бастап).