
Турлыханова Анар Абылайханқызы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Турлыханова Анар Абылайхановна, 1980 жылдың 14 маусымында Шығыс-Қазақстан облысы, Аягөз қаласында туған. Білімі жоғары.
2001 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2002 жылы «Қостанай ауданы әкімдігінің аппараты» ММ хатшы-машинист болып бастады, 2003 жылдың ақпанынан бастап «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» ММ жетекші маманның міндетін атқарушы болып жұмыс атқарды.
2005 жылдың қаңтарынан бастап «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» ММ бас маманы болып, кейін 2013 жылдың наурызынан қазіргі уақытқа дейін «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып істейді.