
Сергазина Роза Кемелқызы
Аппарат басшысы, ақпараттарға қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлға
Өмірбаян
Сергазина Роза Камелевна 1966 жылы 1 қарашада Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылында дүниеге келген.
1985 жылы медициналық бибі мамандығы бойынша Қостанай медициналық училищесін бітірді. 1985 - 1987 жылдары Қарағанды медициналық институтында оқыды. 1993 жылы «Биология мұғалімі» мамандығы бойынша Қостанай педагогикалық институтын аяқтады. 2007 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша Орталық Азия университетін аяқтады.
Еңбек жолын Жетіқара ауданы, Коломен ауылында 1987 жылы Коломен бастауыш мектебінде меңгеруші және мұғалім болып бастады. 1993 жылы қыркүйектен бастап 1997 жылы тамызға дейін Қостанай ауданы, Затобол кентінде Затобол бастауыш мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді, 1997 жылдың тамызынан бастап 2001 жылдың мамыры бойынша Қостанай ауданы, Затобол кентінде Затобол қазақ орта мектеп-интернатында интернат меңгерушісі
ретінде жұмыс істеді.
Сонымен бірге Сергазина Роза Камелевна жергілікті атқарушы органдарында жұмыс тәжірибесі бар. 2001 жылдың мамырынан бастап 2008 жылдың сәуіріне дейін «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман болып жұмыс атқарды. 2008 жылы сәуірден бастап 2013 жылдың науырызына дейін «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.
2013 жылдың наурызынан «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы ретінде жұмыс істейді.
