Муслимов Шалкар Оралбекович

    Қарасу ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Мен Муслимов Шалкар Оралбекович 26.07.1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келдім. 1989 жылы Семей қаласының ЗОО-техникалық малдәрігерлік институтына түсіп, аталған оқу орнын 1994 жылы зоотехника мамандығы бойынша бітіріп шықтым.

    1994 жылы шілде айында Тарбағатай ауданы Қарасу совхозы номер 3 фермасына ветеринар санитар ретінде жұмысқа қабылдандым. Осы жылдың қазан айында өз өтінішім негізінде ауысу тәртібімен Қарасу совхозы номер 4 фермасына зоотехник болып ауыстым. 1996 жылдың қаңтар айында аталған ауылдың номер 2 фермасына ауысу тәртібімен зоотехник болып жұмысқа ауыстым. 1997 жылдың ақпан айында Өскемен қаласында Облыстық ауылшаруашылық басқармасына уақытша Мал дәрігер-экспедитор болып жұмысқа қабылдандым. Осы жылы жұмыстан қысқаруыма байланысты қазан айында Тарбағатай аудандық ауруханасына кілтші болып жұмысқа қабылдандым. Бұл аталған жұмыстан өз өтінішім бойынша кетіп, 2003 жылы сәуір айында Тарбағатай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратына статист жетекші маман ретінде жұмысқа кірдім. 2004 жылы желтоқсан айында Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратына ауыл шаруашылығы жөніндегі бас маман болып ауыстым.

    2011 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Тарбағатай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімі болып қызмет жасап келемін. 1998 жылы отбасын құрдым. Үш бала тәрбиелеп отырмын.