Итқұлова Зухра Шұбайқызы

    Шал ақын ауданы әкімі аппаратының басшысы

    Итқұлова Зухра Шұбайқызы
    Руководитель аппарата

    Итқұлова Зухра Шұбайқызы

    Шал ақын ауданы әкімі аппаратының басшысы

    Өмірбаян

    1982 жылы 12 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы, Сергеев ауданы, Садовка ауылында дүниеге келген.

    Білімі-жоғары.

    2006 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тарих, құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша бітірген.

    2000 жылдың тамызынан бастап 2001 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы қаласының №93 орта мектебінің хатшысы-іс жүргізушісі болып жұмыс істеді.

    2001 жылдың қыркүйегінен бастап 2003 жылдың тамызына дейін Шал ақын ауданының Рясинка негізгі мектебінің тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

    2003 жылдың тамызынан бастап 2006 жылдың желтоқсанына дейін Шал ақын ауданы Афанасьев орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

    2006 жылдың желтоқсанынан бастап 2007 жылдың қараша айына дейін Шал ақын ауданының Двойники негізгі мектебінің директоры болып жұмыс істеді.

    2007 жылдың қараша айынан бастап 2008 жылдың желтоқсан айына дейін Шал ақын ауданы әкімі аппаратының компьютерлік-модемдік байланыс операторы болып жұмыс істеді.

    2008 жылғы желтоқсаннан бастап 2009 жылғы маусымға дейін Шал ақын ауданы әкімі аппаратының азаматтарды қабылдау жөніндегі жалпы бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.

    2009 жылдың маусым айынан бастап 2010 жылдың қазан айына дейін Шал ақын ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.

    2010 жылдың қазан айынан бастап 2011 жылдың шілде айына дейін Шал ақын ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    2011 жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығында Атырау қаласының "Аджит ККО" келісімшарт бойынша БК-2 офис-менеджері болып жұмыс істеді.

    2013 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Шымкент қаласының "ITS қауіпсіздік агенттігі" ЖШС менеджері болып жұмыс істеді.

    2014 жылдың наурызынан наурызына дейін Шымкент қаласының "Asyl Arman" корпорациясы" ЖШС менеджері болып жұмыс істеді.

    2014 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында Шымкент қаласының "Asyl Arman" корпорациясы" ЖШС жетекші маманы болып жұмыс істеді.

    2016 жылдың желтоқсанынан бастап 2017 жылдың қаңтар айына дейін Шал ақын ауданының білім бөлімінің кітапхана қорында әдіскер болып жұмыс істеді.

    2017 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Шал ақын ауданының білім бөлімінің тәрбие жұмысы бойынша әдіскер болып жұмыс істеді.

    2017 жылдың шілдесінен бастап 2019 жылдың қазанына дейін Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасында іс жүргізуші болып жұмыс істеді.

    2019 жылдың қазан айынан бастап 2021 жылдың тамыз айына дейін Шал ақын ауданының орталық аудандық ауруханасының баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

    2021 жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында Шал ақын ауданы әкімі аппаратының компьютерлік-модемдік байланыс операторы болып жұмыс істеді.

    2021 жылдың қазанынан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Шал ақын ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау, ақпараттық-талдау жұмысы және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

    2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Шал ақын ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау, ақпараттық-талдау жұмысы және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

    2022 жылғы желтоқсаннан бастап 2023 жылғы қарашаға дейін Шал ақын ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

    2023 жылдың қараша айынан бастап Шал ақын ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істейді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері