
Олжабаев Бауыржан Шарапиденұлы
Аудан әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Олжабаев Б.Ш. 1984 жылы 19 тамызда Көкшетау облысы, Қызылту ауданы, Қызылту ауылында дүниеге келген.
2005 жылы Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн кәсiптiк оқыту мамандығы бойынша, 2008 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiн «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, ПТШ-16-да оқытушы болып бастаған;
2005 жылы Қарулы Күштер қатарында қызмет етті, Ақмола облысы, Астана қаласы;
2006 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, №16 ӨТМ оқытушысы болып жұмыс істеді;
2008 жылы ішкі істер органдарында, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосында қызмет атқарды;
2013 жылы "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты" ММ Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау инспекторы лауазымына тағайындалды, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы;
2014 жылы "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты" ММ персоналды басқару қызметінің іс жүргізу жөніндегі инспекторы лауазымына тағайындалды, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы;
2015 жылы "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты" ММ құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің инспекторы болып жұмыс істеді, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы;
2016 жылы "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты" ММ құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшенің бас маманы-заңгер м. а. лауазым атқарды, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы;
2016 жылы "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты" КММ құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің бас маманы - заңгері лауазымына тағайындалды, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы;
2017 жылы "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты" КММ аудан әкімінің кеңесшісі - құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы қызметін атқарды, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы;
2019 жылы "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты" КММ аудан әкімінің кеңесшісі- құқықтық мәселелер жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы;
2019 жылы "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты" КММ жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бойынша аудан әкімінің бас маман - инспекторы лауазымын атқардыСолтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы;
2020 жылы "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты" КММ жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бойынша аудан әкімінің бас маман - инспекторы болып жұмыс істеді, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы;
2020 жылы "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты" КММ аудан әкімінің кеңесшісі, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы лауазым атқарды, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы;
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің аппараты" КММ аудан әкімі аппаратының басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы.



