Тлеумбетов Мұрат Жолкелдіұлы

    Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы

    Тлеумбетов Мұрат Жолкелдіұлы
    Председатель маслихата

    Тлеумбетов Мұрат Жолкелдіұлы

    Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы

    Өмірбаян

    Тлеумбетов Мұрат Жолкелдіұлы 1963 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

    Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «инженер - құрылысшы» және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда құрылыс трестінің жұмысшысы ретінде бастап, аталған мекемеде мастер, инженер - жабдықтаушы және шағын кәсіпорын директоры лауазымында 1995 жылға дейін қызмет атқарған.

    1995 - 2010 жылдары «Интертич - Кезнар» шағын өндірістік кәсіпорнының өкілі, «Ақ маржан» акционерлік қоғамына қарасты «Реалбаза» мекемесінің директоры, «Жабдықтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры болған.

    2010-2013 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бас маманы, бөлім бастығы;

    2013-2014 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары;

    2014-2017 жылдары Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы;

    2017-2019 жылдары «Жаңақұрылыс», «Қызылорда тазалығы», «Автобус паркі» ЖШС-де басшылық қызметтер атқарған.

    2017-2019 жылдары Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы, басқарма басшының орынбасары болған.

    2020-2022 жылдары Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған.

    2022-2024 жылдары Жаңақорған ауданының әкімі қызметін атқарған.

    2024 жылдың 26 сәуір айынан бастап Қызылорда облыстық мәслихатының VIII шақырылым депутаты, төрағасы болып сайланды.

    «AMANAT» партиясының мүшесі.