
Жәкенова Айнагүл Сағатқызы
Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі басшысы
Өмірбаян
А.С. Жакенова 1975 жылы Көкшетау облысы Красноармейск ауданы №8 Разъезд ауылында дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар, 1997 жылы Солтүстік Қазақстан университетін «Экономика және өндірісті басқару» мамандығы бойынша, 2003 жылы Солтүстік Қазақстан заң академиясын «Заңгер»мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы «Тайынша ауданы әкімінің аппараты» ММ экономика және нарықтық қатынастардың жетекші маманы болып бастады. 1999 жылдың мамыр айынан бастап Тайынша ауданының қаржы бөлімінің бас маманы, Тайынша ауданының акиам аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді.
2013 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін Тайынша ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің бас маманы, басшысы болып жұмыс істеді.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Тайынша ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары қызмет атқарды.
