
Өмірбаян
Бекіш Бақытжан Серікұлы 1984 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 2005 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін юриспруденция бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Новоишимское ауылының «Құрылыс бөлімі» ММ жетекші маманы болып бастады. 2008-2009 жылдары «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ бас маманы — аудан әкімі орынбасарының құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі көмекшісі, 2009-2011 жылдары «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы, 2011-2012 жылдары «Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ауылдық округ әкімінің орынбасары, 2012 ж. «Жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, 2012-2016 жылдары «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы, 2016-2021 жылдары «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жер инспекциясы басқармасы» КММ басшысының орынбасары — мемлекеттік инспекторы.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № 274-ө-ж/қ өкімімен басқарма басшысы лауазымына тағайындалды.



