
Барменбаев Самат Маратұлы
Басшының орынбасары
Өмірбаян
Биология, Құқықтану
Самат Маратұлы Барменбаев 1978 жылы 8 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары, 2000 жылы Петропавл медициналық колледжін, 2015 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін "Биология" мамандығы бойынша, 2019 жылы Түмен мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген», 2021 жылы Астана медицина университеті КЕАҚ Қоғамдық денсаулық және менеджмент факультетін бітіріп, Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша денсаулық сақтау бакалавры дәрежесін алды.
2000-2003жж-Солтүстік Қазақстан Облысы Мамлют аудандық ауруханасының медициналық ағасы, фельдшері;
2003-2008жж - эпидемиологтың көмекшісі, Мамлют ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің жетекші маманы;
2008-2014жж-ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы;
2014-2015жж – ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті СҚО Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды (оның ішінде туберкулезді) эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы;
2015-2016жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің "Мағжан Жұмабаев ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Басқармасы" ММ басқарма басшысының м. а., тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы»;
2016-2019жж.-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Тимирязев аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы;
2019-2020 жж-Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Солтүстік қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Халыққа қызмет көрсету сапасын үйлестіру бөлімінің басшысы.
2020 - қ. а.- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.


