Ескулов Пердебек Сержанович

    Кемеқалған ауылдық округінің әкімі

    Ескулов Пердебек Сержанович
    Әкім

    Ескулов Пердебек Сержанович

    Кемеқалған ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    1991 жылы 4 маусымда Түркістан облысы Төлеби ауданы Ақбастау елді мекенінде дүниеге келген.

    1998–2009 жылдары Ақбастау ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде білім алды.

    2009–2012 жылдары Шымкент аграрлық колледжінде «Техник-технолог» мамандығы бойынша оқыды.

    2012–2015 жылдары Қазақ инженерлік-техникалық академиясында «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша білім алды.

    2019–2021 жылдары Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде «Құқықтану» (Юриспруденция) мамандығы бойынша оқыды.

    Еңбек жолы:

    • 2015–2019 жылдары Шымкент қаласының № 3 Балалар эстетикалық музыка мектебінде оператор және шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

    • 2019–2020 жылдары Төлеби ауданы Алатау ауылдық округі әкімі аппаратының маманы лауазымын атқарды.

    • 2020–2023 жылдары Төлеби ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-н (Коммуналдық мемлекеттік мекеме) басқарды.

    • 2020 жылдың маусым айынан бастап аудан әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі және «Төлеби адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі болып табылады.

    • 2022 жылы Төлеби ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі болып сайланды.

    • 2023 жылы VIII шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.

    • 2023–2025 жылдары Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

    • 2025 жылдың 14 қазанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Кемеқалған ауылдық округінің әкімі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері