
Тінәлинова Гүлбану Аймұранқызы
Экономика және қаржы бөлімі
Өмірбаян
Тінәлинова Гүлбану Аймұранқызы 1969 жылы Щучинск қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы қаласындағы Халық шаруашылығы институтын өнеркәсіпті жоспарлау мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Көкшетау радиожабдық зауытында экономист болып бастады. 1992 жылы Щучье қалалық әкімшілігінде тұрғын үйді жекешелендіру жөніндегі инспектор болып қабылданды. 1994 жылы-Көкшетау мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитеті секторының жетекші маманы, Щучье қалалық әкімшілігінің Жекешелендіру жөніндегі шаруашылық есеп тобының маманы. 1995 жылы - Щучье қалалық әкімшілігінің өнеркәсіп және коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы. 1995 жылы Щучинск қаласының экономика басқармасының бас маманы болып ауыстырылды. 1997 жылы Щучье ауданы әкімі аппаратының экономика және нарықтық қатынастар бөлімінің жетекші маманы, 1998 жылы Щучье ауданы әкімі аппаратының экономика және нарықтық қатынастар бөлімінің бас маманы болып ауыстырылды. 1999 жылы Щучье ауданы әкімі аппаратының экономикалық реформалар бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 2002 жылы - Щучье ауданы әкімі аппаратының экономикалық реформалар бөлімінің бастығы. 2005 жылы - Бурабай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі ММ бастығы. 2011 жылы - "Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ бастығының орынбасары. 2011 жылы - "Бурабай ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ басшысы.

