
Мақұлбаев Әбдібақыт Тілләбайұлы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы
Өмірбаян
Туылған күні: 29.09.1961 ж.
Туылған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленин ауданы, Жаңабазар ауылы.
Тілдерді білуі: қазақша, орысша
Білімі, мамандығы( біліктілік): К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылық академиясы (1983) - мамандығы "Ғалым агроном", Жоғары комсомол мектебі (1989) - мамандығы "Саясаттанушы".
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары:
"Құрмет" Ордені (2016).
17.11.1983 ж. - 30.04.1985 ж. – «Коммунизм» совхозының комсомол комитеті хатшысының орынбасары, Ленин ауданы, Шымкент облысы.
30.04.1985 ж. - 26.11.1986 ж. - «Коммунизм» қой совхозының тұқым шаруашылығы бойынша аға агрономы, Ленин ауданы, Шымкент облысы.
26.11.1986 ж. - 03.10.1989 ж. - Қазақстан Ленин коммунистік жастар одағының аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Ленин ауданы, Шымкент облысы.
05.10.1989 ж. – 17.03.1992 ж. - Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің хатшысы, Шымкент қаласы.
17.03.1992 ж. - 04.08.1992 ж. - Шымкент облысы әкімшілігі аппаратының ұйымдастыру-талдау бөлімінің инспекторы, Шымкент қаласы.
05.08.1992 ж. - 10.09.1992 ж. - Облыс әкімшілігінің ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, Шымкент қаласы.
10.09.1992 ж. - 10.01.1994 ж. - «Шаруа» Оңтүстік Қазақстан агроөнеркәсіптік өндірістік-коммерциялық концерні, менеджмент және маркетинг бойынша вице-президенті, Шымкент қаласы.
10.01.1994 ж – 27.03.1995 ж. - Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Шымкент қаласы.
27.03.1995 ж. – 27.01.1998 ж. - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының әкімі, Қазығұрт ауданы.
16.02.1998 ж. – 10.09.2002 ж. - Оңтүстік Қазақстан Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры, Шымкент қаласы.
11.09.2002 ж. – 24.12.2004 ж. - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының әкімі, Сарыағаш қаласы.
13.01.2005 ж – 12.06.2008 ж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Көш-қон басқармасының бастығы, Шымкент қаласы.
12.06.2008 ж. – 01.11.2010 ж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры, Шымкент қаласы.
01.11.2010 ж. – 22.02.2012 ж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары, Шымкент қаласы.
20.02.2012 ж. – 10.04.2012 ж. - «Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің бас директоры, Шымкент қаласы.
10.04.2012 ж. - 17.02.2014 ж. - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының әкімі, Сарыағаш ауданы.
17.02.2014 ж. - 12.07.2018 ж. - Кентау қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы.
12.07.2018 ж. - 27.07.2018 ж. - Кентау қаласының әкімі, Түркістан облысы, Кентау қаласы.
20.03.2020 ж. – 21.04.2020 ж. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маман - өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекторының міндетін атқарушы, Түркістан қаласы.
21.04.2020 ж. – 30.04.2020 ж. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маман - өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекторы, Түркістан қаласы.
30.04.2020 ж - осы уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы, Шымкент қаласы.





