
Өмірбаян
Садықов Арай Серікбайұлы, 1980 жылы Қостанай облысында дүниеге келген, жоғары білімі бар, 2001 жылы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын Экономика және құқық бағытында тәмамдады, ал 2006 жылы Ақмола технология және бизнес университетін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы «Батыр-Г» ЖШС заңгері болып бастаған.
2005-2008 жылдары-Арқалық қаласының Целинный ауылдық округінің әкімі.
2008-2010 жылдары-Қазақстанның Білім және ғылым корпоративтік қорының атқарушы директоры.
2011-2015 жылдары-жеке кәсіпкер.
2015-2018 жылдары Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің аппаратында түрлі қызметтер атқарды.
2018-2019 жылдары-Астана қаласы Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2020-2023 жылдары-Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде мемлекеттік қызметтің түрлі лауазымдарында жұмыс істеді.
2023 жылғы ақпаннан 2023 жылғы тамызға дейін-Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің өңірлік инспекторы.
2023 жылдың 5 тамызынан бастап Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі қызметін атқарады.



