
Елжасов Ринат Сергейұлы
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы
Өмірбаян
Елжасов Ринат Сергейұлы 1980 жылы 7 қыркүйек күнi Солтүстiк Қазақстан облысы Ленин ауданының Ильинка селосында туған.
1999 жылдан 2002 жылдар аралығында Көкшетау университетiнде «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бiлiм алды.
2003 жылғы ақпан айында «Солтүстiк Қазақстан облысы статистика басқармасы» ММ жетекшi маманы лауазымына мемлекеттiк қызметке түстi.
2003 жылғы тамыздан 2005 жылғы қараша айы аралығында «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» ММ еңбек және әлеуметтiк әрiптестiк бөлiмiнiң бас маманы, бастығы лауазымдарында еңбек еттi.
2005 жылғы желтоқсанда «Солтүстiк Қазақстан облысының Есiл ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ ұйымдастырушылық-бақылау және кадр жұмысы бөлiмiнiң бас маманы лауазымына ауысу тәртiбiнде тағайындалды.
2006 жылғы мамырдан 2008 жылғы наурыз айы аралығында «Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының iшкi саясат бөлiмi» ММ басқарды.
2008 жылғы сәуiрден 2011 жылғы маусым айы аралығында «Солтүстiк Қазақстан облысының Есiл ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ ұйымдастырушылық-бақылау және кадр жұмысының құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы лауазымында жұмыс iстедi.
2011 жылғы шiлдеде Солтүстiк Қазақстан облысының Есiл ауданы Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры лауазымына қабылданды.
2012 жылғы ақпаннан бастап 2012 жылғы мамыр айы аралығында «Петропавл қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ қаржылық-шаруашылық бөлiмiнiң басшысы болып жұмыс iстедi.
2012 жылғы маусымда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» ММ облыс әкiмiнiң бас инспекторы болып ауыстырылды.
2013 жылғы қаңтардан 2014 жылғы наурыз айы аралығында — «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлiмiнiң меңгерушiсi.
2014 жылғы 1 сәуiрден 2016 жылғы 20 шілде айы аралығында - "Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдараламалар басқармасы" ММ басшысының орынбасары
2016 жылғы 21 шілдеден 2023 жылғы 26 ақпан айы аралығында - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" КММ басшысының орынбасары
2023 жылғы 27 ақпаннаң бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" КММ басшысы

