
Руководитель отдела
Төлешов Бейбіт Медетбекұлы
Төлеби аудан әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1987 жылы туылған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша - мемлекеттік және жергілікті басқару, заңгер.
2004-2008 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін, 2008-2010 жылдары Шымкент институтында білім алған.
Еңбек жолын 2005 жылы студент жылдары әрлеуші, сырлаушылықтан бастаған. 2008-2010 жылдары Көші қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде келісім-шарт негізінде оператор, 2010-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Көші қон полиция басқармасында бас маман болып еңбек етті. 2013-2014 жылдары Төлеби аудандық «Саябақтары» мекемесінде экономист агроном, 2014-2018 жылдары Ленгір қаласы әкімі аппаратында бас маман заңгер, 2018-2020 жылдары Ленгір қаласы әкімінің заң кеңесшісі, 2020 жылдан осы кезге дейін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық бөлімінде бас инспектор қызметін атқарды.
2024 жылдан тамыз айынан бастап Төлеби аудан әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы.



