
Жаров Ерлан Қайырұлы
Солтүстiк Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкiмi
Өмірбаян
Мен, Жаров Ерлан Қайырұлы, 1982 жылы 7 мамырда Көкшетау облысы Красноармей ауданының Теңдік ауылында дүниеге келдім.
2003 жылы «Фемида» Қарағанды заң академиясының Көкшетау филиалын Құқықтану мамандығы бойынша бітірдім.
2007 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірдім.
06.2001 - 06.2003 — «Дезинфекция» АҚ заңгерi, Көкшетау қ.;
02.09.2003 - 07.05.2004 – «Тайынша қаласы әкімінің аппараты» ММ атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі маман.
14.06.2004 - 05.01.2005 - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің аз қамтылған азаматтармен жұмыс жөніндегі бас маманы.
05.01.2005 - 27.06.2006 - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы, Тайынша қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы.
27.06.2006 - 17.09.2008 - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің әкімі, Чкалово а.
17.09.2008 - 20.03.2015 - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары, Тайынша қ.
24.04.2015 -17.10.2018 - "Зеренді-Астық" ЖШС директоры.
16.01.2019 - 23.05.2022 - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі орынбасары, Тайынша қаласы.
24.05.2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі, Тимирязев а.



