
Аманов Қайрат Құрманғалиұлы
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметі) басшысы
Өмірбаян
1987 жылы туған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін
(дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімі), А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін (педагогика және психология магистрі), (құқық бакалавры) бітірді.
Осы лауазымда 2025 жылғы қыркүйектен бастап жұмыс істейді.
Функционалдық міндеттері: Қызметтің жұмысына жалпы басшылық, персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру, мына бағыттар бойынша HR-талдаулар жүргізу: персоналды іріктеу, қызметкерлердің тартылу деңгейін арттыру, облыстық атқарушы органдардың кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау, мемлекеттік қызметшілер қызметінің тиімділігін бағалау, мемлекеттік саяси қызметшілерді тағайындау мен босатуды ҚР ПӘ-де келісу рәсімін ұйымдастыру, ротациялау мәселелері, өңірлік және президенттік жастар кадрлық резервистерін жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс. Ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған жұмысты ұйымдастыру (имидждік іс-шаралар, аппараттық оқу, мемлекеттік қызметшілерді марапаттау, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бойынша БАҚ-пен жұмыс және т.б.), кадр мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен айқындалатын персоналды басқару жөніндегі өзге де міндеттер мен функциялар. «Е-қызмет» ЫАЖ-да аппарат пен басқармалардың мемлекеттік қызметшілері туралы мәліметтерді уақытында және сапалы өзектілендіріп отыруды қамтамасыз ету. «Е-қызмет» ЫАЖ арқылы аппараттың, басқармалар мен уәкілетті органдардың мемлекеттік қызметшілері бойынша статистикалық есепті уақытында және сапалы беріп отыруды қамтамасыз ету. Уәкілетті органға мемлекеттік қызметшілер бойынша басқа да есептік ақпаратты уақытында және сапалы беріп отыруды қамтамасыз ету. Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіру. Тәртіптік, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету. Кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Бөлiмнiң қызметкерлерi:
| Бас инспектор | Мәден Ханшайым | 29-72-31 |
| Бас инспектор | Оспанова Сауя Абайқызы | 29-72-91 |
| Бас маман | Казиева Динара Амангелдіқызы | 29-72-18 |
| Бас маман | Балғожина Салтанат Қабдырахманқызы | 29-72-35 |
| Бас маман | Есенгелдина Ләззат Дамдықызы | 29-72-18 |
| Бас маман | Қайыржанова Айгүл Қалиқызы | |
| Бас маман | Халел Әсел Жасұланқызы | 29-72-35 |
| Бас маман | Садықова Айжан Нұрланқызы | |
| Бас маман | Бапар Манаргүл | 29-72-46 |
| Бас маман | Құдабаева Жанар Жамсапқызы | 29-72-60 |
| Бас маман | Зейноллаева Гүлимай Ерланқызы |





