«Адам папиллома вирусы және жатыр мойны обырының алдын алу: эпидемиологиясы, қауіп-қатерлері мен профилактикасы туралы» тақырыбында семинар өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Адам папиллома вирусы және жатыр мойны обырының алдын алу: эпидемиологиясы, қауіп-қатерлері мен профилактикасы туралы» тақырыбында семинар өтті

    «Адам папиллома вирусы және жатыр мойны обырының алдын алу: эпидемиологиясы, қауіп-қатерлері мен профилактикасы туралы» тақырыбында семинар өтті.

    2026 жылғы 4 қыркүйекте басқарма мамандарының, гинекологтар мен онкологтардың қатысуымен жатыр мойны обырының алдын алуда адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияның маңыздылығы жөнінде семинар өтті.

    Семинар барысында қатысушылар алдын алудың өзекті мәселелерін талқылап, вакцинацияның 5 негізгі артықшылығын атап өтті:

    1. Жатыр мойны обырынан қорғайды. Жасөспірім шақта жасалған вакцинация бұл аурудың даму қаупін 80–90%-ға төмендетеді.
    2. Обырдың басқа түрлерінің алдын алу. Вакцинация әйелдер мен ерлерде аногенитальды аймақ пен ауыз-жұтқыншақ онкопатологияларының дамуына жол бермейді.
    3. Генитальды сүйелдерден қорғау. Вакцинация АПВ-ның 6 және 11 типтері тудыратын сүйелдердің (остроконечные кондиломы) пайда болу қаупін 90%-ға азайтады.
    4. Кешенді иммунитет қалыптастыру. Вирустың бір штаммын жұқтырған жағдайдың өзінде вакцинация АПВ-ның басқа онкогенді түрлерінен сенімді қорғанысты қамтамасыз етеді.
    5. Ресурстарды үнемдеу. Вакцинация обыралды патологияларды болдырмауға және ұзақ әрі қымбат емдеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

    Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға халықтың вакцинацияның маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру жөнінде практикалық ұсынымдар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары