
Фармацевтикалық қызмет саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бөлінісінде:
I. «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметі;
II. «Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметі;
III. «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметі;
IV. «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісу және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызметі.
Көрсетілген барлық мемлекеттік қызметтер бойынша бас тартудың негізгі себептері:
- қызмет алушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
- лицензия алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі.








