ҚАЗАҚ ТІЛІН ТЕГІН ОҚЫТУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    ҚАЗАҚ ТІЛІН ТЕГІН ОҚЫТУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ

    Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысымен ұйымдастырылған курстарда 200 тыңдаушы 10 топқа бөлініп, білім алуда.

    Қыркүйек–қараша айларына жоспарланған оқыту А1 деңгейі бойынша жүргізілуде. Бағдарлама 72 сағаттық оқу курсы мен 28 сағаттық сөйлесу клубын қамтиды және қазақ тілінде қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

    Сабақтар өтетін орындар:

    • «Абзал» сауда үйі;
    • «Достық үйі» ғимараты;
    • Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 мекенжайындағы оқу кабинеттері.

    #ҚазақТілі

    #ТегінОқыту

    #Оқыту

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" жаңалықтары