«Оқжетпес» футбол клубы жаңа логотипін таныстырды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Оқжетпес» футбол клубы жаңа логотипін таныстырды

    Қазақстан Премьер-лигасының 25-турындағы матч басталар алдында Көкшетау қаласындағы Абылай хан алаңында «Оқжетпес» футбол клубы жаңа логотипін таныстырды. Сонымен қатар команда ойыншыларының жаңартылған спорттық киімі мен жанкүйерлерге арналған клубтық өнімдер көрсетілді.

    Іс-шараға және матчты тамашалауға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Скотт Манн, Ақмола облыстық футбол қауымдастығының төрағасы, Көкшетау қаласының әкімі Ануар Құмпекеев, сондай-ақ «Оқжетпес» ФК қорының құрылтайшысы, «Агрофирма «Родина» ЖШС директоры Иван Сауэр қатысты.

    Жаңа эмблеманың негізіне еркіндіктің, күш-қуаттың және алға ұмтылыстың символы – тұлпар бейнесі алынған. Оның жалында жебелер бейнеленген. Бұл клуб атауының мәнін ашады: «Оқжетпес» – тіпті жебе де жете алмайтын биіктік деген мағынаны білдіреді.

    Шымкенттің «Ордабасы» командасына қарсы өткен матч «Оқжетпестің» 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Ойыннан кейін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов командамен кездесті.

    «Жеңістеріңізбен құттықтаймын!Жанкүйерлеріңізді осындай жеңістермен жиі қуантып жүріңіздер.Ребрендинг–бұл жай ғана логотиптің ауысуы емес,бұл клубтың жаңа бағыты–алға,жаңа жеңістерге ұмтылу.Жақын уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес УЕФА стандарттарына сай футбол стадионының құрылысы басталады.Онда сіздер жаттығуларды жайлы жағдайда өткізе аласыздар», –деп атап өтті облыс әкімі.

    Айта кетейік, қазіргі уақытта «Оқжетпес» ФК Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде төртінші орында келеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары