Түркістан облысында полиция камералардың көмегімен құқық бұзушылықтарды анықтауда

    Түркістан облысында полиция камералардың көмегімен құқық бұзушылықтарды анықтауда

    Көшедегі тәртіп, жолдағы қауіпсіздік және қоғамдық орындардағы заң талаптарының сақталуы – Түркістан облысы полицейлерінің жіті назарында. Облыста жедел басқару орталығына қосылған бейнебақылау камералары тәулік бойы жұмыс істейді.

    Сайрам ауданында олардың көмегімен 200 құқық бұзушылық анықталып, әрбір дерек бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданды. Анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі абаттандыру және жол қозғалысы талаптарына қатысты.

    Мәселен азаматтардың абаттандыру қағидаларын бұзғаны 50-ге жуық жайт анықталып, заңды шара көрілген. Солардың бірі Ақсукент ауылында азаматтың темекі шегіп, темекі қалдығын белгіленбеген жерге тастағаны бейнекамераға түскен.

    Полиция қызметкерлері тұрғынның жеке басын анықтап, шара көрді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары