Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері синтетикалық есірткі жеткізудің тұрақты арнасының заңсыз қызметін тоқтатты.
Анықталғандай, Семей қаласының тұрғыны синтетикалық есірткілерді Астана қаласынан жүйелі түрде жеткізіп, оларды облыс аумағында одан әрі таратумен айналысқан.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жедел-тергеу іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан жалпы құны 50 млн теңгеден асатын 2 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Тәркіленген есірткі көлемі қолданыстағы заңнамаға сәйкес аса ірі мөлшерге жатады.
Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылықтың барлық мән-жайын, сондай-ақ оған қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Абай облысының прокуратурасы есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына байланысты сақтау, тасымалдау, дайындау, өңдеу, жөнелту, өткізу және өзге де заңсыз әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.
Есірткі құқық бұзушылықтарын анықтау, жолын кесу және олардың алдын алу жұмыстары прокуратура органдарының ерекше бақылауында.
#Әділдік
#Заңүстемдігі
Абай облысының прокуратурасы
Абай облысында Астанадан синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді
Ұқсас материалдар

Цифрлық жұмыспен қамту қызметі: ЖИ-көмекші ұсынған бос жұмыс орындары арқылы алғашқы 3 мың адам жұмысқа орналасты
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіАшу
Абай облысында «Этнохалық» этнофестивалі өтті
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
«1 кітап – 1 өмірлік сабақ» аудандық эссе байқауы өтті
Ашу
Қазақстандық спортшы Альфия Тілекқабыл пара дзюдодан әлем чемпионы атанды
Спорт және дене шынықтыру істері комитетіАшу
БАЛАНЫ ҚОРҒАУ – БІРЛЕСКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ
Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасыАшу
"Абай облысының прокуратурасы" жаңалықтары
Абай облысында прокурорлар 4 мыңнан астам азаматтың дербес деректерінің заңсыз таратылуына жол бермеді
Абай облысының прокуратурасыАшуАбай облысының прокуроры IT-технологияларды дамыту жөніндегі өңірлік алаңға барды
Абай облысының прокуратурасыАшуАбай облысында прокуратураның араласуынан кейін инвестордың құқықтары қалпына келтірілді
Абай облысының прокуратурасыАшуАбай облысының прокуратурасы балаларға спорт пен музыка мерекесін ұйымдастырды
Абай облысының прокуратурасыАшуАбай облысында прокурорлар алкоголь өнімдерін заңсыз сату бойынша 16 фактіні анықтады
Абай облысының прокуратурасыАшу