
Ақтөбе облысындағы үлестік құрылыс саласындағы проблемалық нысандар бойынша кеңес өтті
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қ.Ж. Қажкенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында үлестік құрылыс саласындағы проблемалық нысандардың қазіргі жағдайымен танысып, олардың құрылысын аяқтау мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңесте Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасы бойынша берілген тиісті тапсырмалардың орындалуына ерекше назар аударылды.
Кеңеске жергілікті атқарушы органдардың және уәкілетті ұйым – «Ақтөбе құрылыс Компаниясы - 2023» ЖШС өкілдері қатысты. Кездесу барысында әрбір проблемалық нысан бойынша қалыптасқан жағдай егжей-тегжейлі қаралып, құрылыс жұмыстарын аяқтау және нысандарды пайдалануға беру бойынша алдағы іс-қимылдар талқыланды.
Тұрғын үй кешендерінің қазіргі жағдайын ескере отырып, әрбір нысан бойынша одан әрі атқарылатын жұмыстардың алгоритмі айқындалды. Сонымен қатар үлестік құрылысқа қатысушы азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша проблемалық нысандардағы жұмыстарды жандандыру, қабылданған шешімдердің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету және нысандардың құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.









