Т. Рысқұлов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жылыту маусымы алдында тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізді. Мамандар тұрғындарға пештерді, электр жылытқыштар мен газ құралдарын қауіпсіз пайдалану талаптарын түсіндіріп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салды. Іс-шараның басты мақсаты — жылыту маусымында өрттер мен улы газдан улану жағдайларының алдын алу.
Жамбыл облысы ТЖД