
Сапар барысында аудан басшысы «Талды – Берекетті» бағытындағы ауыларалық автожолының жөндеу жұмыстарын тексерді. Ұзындығы 20 шақырымды құрайтын жол бөлігіне қиыршық тас төгіліп, тегістеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, су тасқынының алдын алу және инфрақұрылымды жақсарту мақсатында 4 жаңа су ағар құбыры қойылып, 5 су ағар құбыры қайта қалпына келтірілді.
Одан әрі аудан әкімі жергілікті Фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) жұмысымен танысып, тұрғындарға көрсетіліп жатқан медициналық қызмет сапасын көрді.
Сапар соңында округте учаскелік полиция қызметкері М.Садуақасовтың бастамасымен әрі демеушілігімен пайдалануға берілген жаңа спортзалдың салтанатты ашылуы өтті. Жаңа спорт кешені ауыл жастарының бұқаралық спортпен айналысуына кең жол ашпақ.









