
«Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» — ортақ міндет!
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Жарлыөзек ауылдық округінде ведомствоаралық мобильді топтың жұмысы тұрақты түрде жүргізілуде. 👮♂️🌱
🚨 Іс-шара барысында тұрғындарға:
🧹 қоғамдық тәртіпті сақтау;
🌳 қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету;
🌍 табиғатты қорғау;
⚖️ заң талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.
🏡 Жарлыөзек ауылдық округінде тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
🤝 Барша тұрғындарды тазалықты сақтауға, заң талаптарын бұлжытпай орындауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз!







