Қызылордада полицейлердің қызметтік дайындығы пысықталды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қызылордада полицейлердің қызметтік дайындығы пысықталды

    Қызылорда облысы Полиция департаментінің саптық алаңында жеке құрамның қызметтік дайындығын пысықтауға бағытталған дәстүрлі апталық саптық жиын өтті.

    Әр дүйсенбі сайын ұйымдастырылатын жиын барысында полиция қызметкерлерінің саптық тәртібі, қызметке әзірлігі және белгіленген талаптарды орындау деңгейіне назар аударылады.

    Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы таңғы сапқа шыққан қызметкерлердің нысандық киім үлгісінің белгіленген талаптарға сәйкестігін, қызметтік куәліктері мен жетондарының болуын тексерді.

    Сонымен қатар жеке құрамның сыртқы келбетіне, саптық жарғы талаптарын сақтауына және қызметтік тәртіпке жауапкершілікпен қарауына баса назар аударылды.

    Жиын барысында қызметтік міндеттерді сапалы орындау, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында нақты тапсырмалар берілді.

    Саптық жиын соңында полиция қызметкерлері салтанаттық шерумен сап түзеп, күнделікті қызметтік міндеттерін атқаруға кірісті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары