Ақмолалық педагог «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталды

    Ақмолалық педагог «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталды

    Зеренді ауданының Ақадыр ауылындағы мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кучумова Аида Мейрамқызы Қазақстан Республикасының «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталды. Білікті ұстаздың педагогикалық санаты – педагог-зерттеуші.

    Аида Кучумова 1990 жылдан бері білім саласында үздіксіз еңбек етіп келеді. Ұзақ жылғы педагогикалық қызметі барысында ол өзін кәсіби білімі терең, ізденімпаз, жаңашыл әрі шығармашыл ұстаз ретінде таныта білді.

    «Ұстаздың әр сабағы мазмұндылығымен, әдістемелік тұрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастырылуымен ерекшеленеді. Ол оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өз ойын еркін жеткізуіне және ізденуіне мүмкіндік береді»,- деп айтты мектеп директоры Солтанбек Нурбек.

    Аида Мейрамқызының еңбегінің басты нәтижесі – оның шәкірттерінің жетістіктері. Ұстаз тәрбиелеген оқушылар аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

    Атап айтқанда, шәкірттері «Жас журналист» облыстық бейнероликтер байқауында І орын, республикалық «Розовый фламинго и другие обитатели заповедной земли» байқауында, сондай-ақ республикалық «Бояулар құпиясы» байқауында ІІ дәрежелі диплом иеленді. Бұл жетістіктер – ұстаздың жүйелі еңбегі мен оқушыларға деген сенімінің жемісі.

    Қазақстан Республикасының «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталуы – Аида Мейрамқызының көп жылғы адал еңбегіне берілген жоғары баға.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының білім басқармасы" жаңалықтары