ХРОМТАУ АУДАНЫНЫҢ ЕКІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

    ХРОМТАУ АУДАНЫНЫҢ ЕКІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІСІ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

    Хромтау ауданы әкімінің орынбасары Отарбай Алиасқар Баймаханұлы «Мемлекеттік сектордағы цифрлық талдау және жасанды интеллект» білім беру бағдарламасы бойынша, ал Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Орынжай Талант Маратұлы «Өңірлік даму» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасына мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқуға түсті.

    Бұл – әріптестеріміздің кәсіби білімі мен тәжірибесін жетілдіруге, мемлекеттік басқарудың заманауи тәсілдерін терең меңгеруге, жаңа құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды қадам.

    Әріптестерімізді осы айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Алдағы оқу жолы жемісті болып, жаңа білім мен тың тәжірибеге, кәсіби өсу мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашсын! Академия қабырғасында меңгерген білімдері мен жинақтаған тәжірибелері ел игілігіне қызмет етіп, Хромтау ауданының дамуына және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға сүбелі үлес қоса берсін.

    Білім жолындағы ізденістеріңіз нәтижелі болып, жаңа белестер мен жарқын жетістіктерге жетелей берсін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Хромтау ауданы әкімдігі" жаңалықтары