
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары және жауапты сала мамандары қатысты.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй, инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік және басқа да мәселелер бойынша өз өтініштерін білдірді.
Қабылдау барысында әрбір азаматтың мәселесі мұқият қаралып, айтылған мәселелердің мән-жайы тиісті сала мамандарымен бірге талқыланды. Аудан әкімі жауапты сала басшыларына азаматтардың өтініштерін заңнама талаптарына сәйкес зерделеп, шешу жолдарын қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Мәселелер бойынша тиісті хаттамалық тапсырмалар рәсімделді.
Айта кетсек, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу аудан әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар азаматтар қабылдауға eGov.kz порталы, e-Otinish бірыңғай платформасы арқылы немесе аудан әкімдігіне жазбаша өтініш жолдау арқылы тіркеле алады. Қосымша ақпаратты +7 (72537) 7-97-13 байланыс телефоны арқылы алуға болады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі









