Атырауда тергеушілердің бірлескен форумы өтті

    Атырауда тергеушілердің бірлескен форумы өтті
    Атырау облысының полиция департаменті, облыстық прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Экономикалық тергеу департаменті бірлесіп, «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасы – әділ сот төрелігінің негізі» тақырыбында тергеушілер форумын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында заңдылықты сақтау, қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді сапалы жинақтау және тергеу жұмысының тиімділігін арттыру.
    Форум барысында қылмыстық істерді тергеп-тексеру кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланып, прокурорлық қадағалау мен тергеу органдарының өзара іс-қимылын жетілдіру жолдары қаралды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, тергеу сапасын арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және әрбір қылмыстық іс бойынша объективті әрі жан-жақты шешім қабылдаудың маңызын атап өтті.
    Іс-шара аясында тергеу қызметіне қосқан үлесі мен кәсіби міндеттерін адал атқарғаны үшін бірқатар сала қызметкерлері Атырау облысының прокуроры Мадияр Басшыбаевтың атынан алғыс хаттармен марапатталды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары