2026 жылғы 7 айдағы өзге экономика бойынша Республикалық бюджетке салық төлемдерінің түсуі

    2026 жылғы 7 айдағы өзге экономика бойынша Республикалық бюджетке салық төлемдерінің түсуі

    "Өзге экономика" кәсіпорындарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығымен бекітілген Республикалық мониторинг төлеушілерді (Шығыс Қазақстан облысында 12 мониторинг кәсіпорны тіркелген) қоспағанда, салық төлеушілер тізбесі жатады.

    Өзге экономика кәсіпорындары бойынша 2026 жылдың 7 айында салық төлеушілердің есеп шотына «0» қойылым бойынша ҚҚС қайтару сомасын ескере отырып, республикалық бюджетке 78,3 млрд.теңге түсті.

    Республикалық бюджеттің жалпы түсіміндегі өзге экономика түсімдерінің үлесі 40,3% - ды құрайды.

    БСК бөлінісінде түсімдер құрылымы:

    - БСК 105101 «ҚР аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы» түсімдер үлесі 44,4%;

    - БСК 105115 «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарларға ҚҚС» түсімдер үлесі 15,5%;

    - БСК 105102 «Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға ҚҚС» түсімдер үлесі 13,2%;

    - БСК 101110 «Заңды тұлғалардан – ірі кәсіпкерлік субъектілерінен КТС» түсімдер үлесі 10,4%.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары