Үржар ауылындағы әуежай терминалы жаңғыртылып жатыр

    Үржар ауылындағы әуежай терминалы жаңғыртылып жатыр

    Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкесҮржар ауылындағы әуежай терминалын қайта жаңғырту жобасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бұл – өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі.

    Жоба аяқталғаннан кейін әуежай терминалының өткізу қабілеті айтарлықтай артады. Қазір әуежай сағатына 30 жолаушыға қызмет көрсетсе, жаңғырту жұмыстарынан кейін бұл көрсеткіш 140 жолаушыға дейін ұлғаяды.

    Жаңғыртылған терминал өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтып, Үржар ауданының туристік және инвестициялық тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін бермек.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының әкімдігі" жаңалықтары