Ақмола облысында цифрландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді

    Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерімен бірлесіп, «Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы» ММ мен оған бағынысты ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.

    Талдау барысында негізгі бағыттар қамтылды: нормативтік-құқықтық база, кадрларды басқару, мемлекеттік сатып алулар, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік және АКТ активтерін есепке алу мәселелері. Талдау қорытындысы бойынша 5 тәуекел анықталды. Олардың әрқайсысы бойынша туындау себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған жедел шаралар қабылданды.

    Бақылау нысанына 20 ұсыным енгізілді. Олардың негізінде тәуекелдерді барынша азайтуға және государственный орган жұмысының ашықтығын арттыруға бағытталған нақты іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" жаңалықтары