
2026 жылғы 7 тамызда Шымкент бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Шымкент халықаралық әуежайы» АҚ-да санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізді. Су құю машинасы мен су құю колонкаларынан алынған ауыз су сапасы микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша бағаланды.
Сонымен қатар, мекеме қызметкерлері арасында «Сібір жарасы – аса қауіпті инфекция» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында аурудың жұғу жолдары, қауіп факторлары және алдын алу шаралары түсіндірілді. Қатысушыларға жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.









