СИМ бұйрық жобасын жария талқылау туралы

    Осы арқылы «Электрондық үкімет порталының» «Ашық Үкімет», «Ашық НҚА» бөлімдерінде жария талқылау үшін «Қазақстан Республикасына еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі бұйрығының жобасы жарияланғанын хабарлаймыз.


    Бұйрық жобасымен ҚР Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 «Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларын белгілеу көзделеді.


    Барлық мүдделі тараптар келесі сілтеме бойынша өтіп, жоғарыда көрсетілген бұйрық жобасын талқылауға қатыса алады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15900248

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі" жаңалықтары