«Stop наркограффити» үгіт-насихат акциясы

    «Stop наркограффити» үгіт-насихат акциясы

    Павлодар облысында есірткі қолдану мен таратудың алдын алуға, сондай-ақ жастар арасында өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Stop наркограффити» үгіт-насихат акциясы жалғасуда, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД.
    «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында еріктілермен бірлесіп Академик Бектұров – Генерал Дюсенов – Максим Горький көшелері аумағында аулаларды аралау жұмыстары жүргізілді.
    Акцияға қатысушылар тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есірткі граффитилерінің қауіптілігі туралы айтып, бұл мәселеге бейжай қарамауға шақырды. Мұндай жазбалар қабырғадағы жай ғана сурет емес, есірткінің заңсыз айналымы туралы ақпарат таратудың бір тәсілі болып табылады.Бірге ауламызды қауіпсіз ете аламыз! –полиция шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары