«Таза Қазақстан»: Ақтау жолдарында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді

    «Таза Қазақстан»: Ақтау жолдарында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді

    Бүгін, 22 тамыз күні Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында орталық жолдарды санитарлық тазалау, сыпыру және жуу жұмыстары ұйымдастырылды.

    Қаланың тазалығын қамтамасыз ету мақсатында аталған жұмыстарға 3 бірлік су шашатын және 3 бірлік сыпыруға арналған арнайы техника жұмылдырылды.

    Жұмыстар қала аумағының санитарлық тазалығын сақтау және жолдардың тазалығын қамтамасыз ету бағытында жүйелі түрде жүргізілуде.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары