Ақмола облысының Мәншүк Мәметова ауылында заманауи жоғары жылдамдықты интернет инфрақұрылымын құру бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Жоба ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін интернет желісіне жоғары жылдамдықты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» республикалық бастамасы аясында іске асырылуда.
Жоба шеңберінде топырақты қазу және негізгі әлеуметтік әрі әкімшілік нысандарды: әкімдік, мектеп және фельдшерлік-акушерлік пунктті (ФАП) интернетке қосуға арналған микроканализация төсеу жұмыстары жүргізілді. Сенімді интернет байланысының іске қосылуы ауыл тұрғындары мен мекемелерге сапалы байланыс қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тұрақты интернет күнделікті өмірде маңызды рөл атқарады. Ол білім алудың, мемлекеттік және цифрлық сервистерді пайдаланудың, сондай-ақ ауылдағы кәсіпкерлікті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Бұл жобаны жүзеге асыру қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты азайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Мәншүк Мәметова ауылын цифрландыру: Ақмола облысында жоғары жылдамдықты интернет желісі жүргізілуде
Ұқсас материалдар

Оралда жылу магистралін жаңғырту аяқталды
ҚР ЭМАшу
Зейнетақы активтерін кім басқарады?
Железин ауданының әкімдігіАшу
ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
"Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" жаңалықтары
Ақмола облысында тұрғындардың өтініштерін қараудың жаңа алгоритмі бекітілді
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасыАшу
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚЫТАЙДАҒЫ SMART CITY ТӘЖІРИБЕСІН ЗЕРДЕЛЕДІ
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасыАшу
Ақмола облысында киберқылмыстың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасыАшуҚазақстанда ЭЦҚ жұмыс істеу ережелерін өзгерту: басшылар мен компаниялар үшін нені білу маңызды
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасыАшуМемлекеттік қызметшілерге демалыстың қандай түрлері беріледі?
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасыАшу