Aqmola Hub технопаркі мен Digital Aqmola бірлесіп ұйымдастырған «Smart City Accelerator» қарқынды бағдарламасына өтінім қабылдаудың басталғанын ресми түрде жариялады. Бағдарлама қалалық ортаны жаңғыртуға, оны тұрғындар үшін барынша жайлы, қауіпсіз әрі технологиялық тұрғыдан дамыған етуге қабілетті инновациялық шешімдерді іздеуге және енгізуге бағытталған.
Акселераторға ауыл шаруашылығы (AgroTech & Earth), қалалық инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (Smart Utilities & GovTech), экология және қоршаған ортаны мониторингілеу (Eco & Environment), сондай-ақ көлік пен туризм (Smart Tourism & Mobility) сияқты маңызды бағыттарда дайын сервистер, платформалар немесе құрылғылар ұсына алатын командалар қатыса алады.
Екі айға созылатын интенсив барысында қатысушылар тәжірибелі менторлар мен салалық сарапшылардың қолдауымен өз идеяларын нақты іске асыруға болатын пилоттық жобаларға айналдырады. Бағдарлама гибридті форматта өтеді, оқытудың негізгі бөлігі онлайн ұйымдастырылады.
Акселерация бағдарламасының қорытынды кезеңі - 10 қарашаға жоспарланған Demo Day. Финалдық таныстырылым барысында үздік жобалар өз әзірлемелерін қалалық тапсырыс берушілерге, мемлекеттік органдардың өкілдеріне және әлеуетті инвесторларға тікелей таныстыруға бірегей мүмкіндік алады. Ең нәтижелі шешімдерді Көкшетау қаласында пилоттық жобалар ретінде енгізу мүмкіндігі қарастырылады.
«Біздің мақсатымыз - командаларға өз шешімдерін нақты қалалық ортада сынақтан өткізуге және оларды ауқымды түрде енгізу үшін тікелей қолдауға ие болуға мүмкіндік беру», - дейді ұйымдастырушылар.
Өтінімдер 31 тамызға дейін қабылданады. Бағдарлама 10 қыркүйекте басталады.
Іріктеу талаптары мен тіркелу туралы толық ақпарат мына сілтемеде қолжетімді: .
Aqmola Hub пен Digital Aqmola Көкшетауда Smart City технологиялық шешімдеріне арналған акселераторды іске қосады
Ұқсас материалдар

“Заң. Әділет. Логика” интеллектуалды Quiz сайысы өткізілді
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу
1 қазан – Халықаралық қарттар күні
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшуҚР СИМ бұйрығының жобасын орналастыру туралы
ҚР СИМАшу
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссия отырысы өткізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу
Алматыда жабайы қоқыс орындары мен аумақтарды ластауға қатысты 8,5 мың құқық бұзушылық анықталды
Алматы қаласының Полиция департаментіАшу
"Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы" жаңалықтары
Ақмола облысында тұрғындардың өтініштерін қараудың жаңа алгоритмі бекітілді
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасыАшу
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚЫТАЙДАҒЫ SMART CITY ТӘЖІРИБЕСІН ЗЕРДЕЛЕДІ
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасыАшу
Ақмола облысында киберқылмыстың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасыАшуҚазақстанда ЭЦҚ жұмыс істеу ережелерін өзгерту: басшылар мен компаниялар үшін нені білу маңызды
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасыАшуМемлекеттік қызметшілерге демалыстың қандай түрлері беріледі?
Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасыАшу