Бірыңғай үлгілік еңбек шарттары

    Бірыңғай үлгілік еңбек шарттары

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптары мен жекелеген салалардың ерекшеліктерін ескере отырып, үлгілік еңбек шарттарын әзірледі.

    🔹 Барлық салалар үшін — тараптардың құқықтары мен міндеттері, еңбек жағдайлары, еңбекақы төлеу, еңбекті қорғау, құпиялылық, дербес деректер, еңбек шартын бұзу және еңбек дауларын реттеу.

    🚛 Көлік саласы — жүргізушілерге қойылатын талаптар, медициналық тексерулер, көлік құралдарының қауіпсіздігі мен техникалық жай-күйі, жанар-жағармай материалдары, жүріп-тұру сипаты бар жұмыс, материалдық жауапкершілік.

    🏗 Құрылыс саласы — еңбекті қорғау бойынша күшейтілген талаптар, жеке қорғаныш құралдары, биіктікте жұмыс істеу, өндірістік тәуекелдер, медициналық тексерулер және өтемақылар.

    🍽 Қоғамдық тамақтану саласы — санитариялық талаптар, медициналық кітапшалар, жабдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік, өнімдердің сапасы мен сақталуын бақылау.

    📥 Үлгілік еңбек шарттарын жүктеп алу:
    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ресми сайты⁠ https://www.gov.kz/memleket/entities/kgit/documents/details/1024738?lang=kk

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті» РММ" жаңалықтары