
2026 жылғы 5 тамызда Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Асет Серикболовтың төрағалығымен Егінсу ауылында кеңес өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері, ПЧ-45 жол дистанциясының басшысы, көліктегі полиция, ветстанция және ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдері, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.
Ауыл тұрғындарының және мемлекеттік органдардың бірлескен күш-жігері арқылы теміржолдағы апаттардың алдын алу — ортақ мақсат! 










