Комиссия отырысы өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Комиссия отырысы өтті
    Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – басты назарда
    🔹 Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
    🔹 Отырысты комиссия төрағасы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова жүргізді.
    🔹 Күн тәртібінде Отбасы қолдау орталығының атқарған жұмыстары және FSMSocial жүйесі арқылы денсаулық сақтау мен білім беру бөлімдеріне келіп түскен сигналдар қаралды.
    🔹 Комиссия мүшелері ұсынылған құжаттарды жан-жақты зерделеп, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін ескере отырып, тиісті шешімдер қабылдады. Сонымен қатар жауапты мемлекеттік органдар мен мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.
    🔹 Бала қауіпсіздігі мен отбасының әл-ауқатын қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары