САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫ БАҚЫЛАУДА
    Сарыағаш ауданында тұрғындарды сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Аталған жобалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында.
    Осыған байланысты аудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округіне барып, ауыз су жүйесін жаңғырту және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
    Нысан басында мердігер мекеме өкілдері, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жауапты бөлім қызметкерлері және жергілікті тұрғындардың қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді. Кездесу барысында жобаның қазіргі ахуалы, атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер жан-жақты қаралды.
    Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімде аяқталуы мен құрылыс сапасына ерекше назар аударды. Мердігер мекемеге жұмыс қарқынын күшейтіп, құрылыс барысын нақты өндірістік кестеге сәйкес ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар пайдаланылатын құрылыс материалдарының сапасына және техникалық талаптардың қатаң сақталуына баса мән беруді ескертті. Жауапты сала мамандарына құрылыс жұмыстарының орындалу барысын тұрақты бақылауда ұстап, өндірістік кестенің сақталуына жүйелі мониторинг жүргізу міндеттелді.
    Ақжар елді мекенінде тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мақсатында су қоймасын қоршау, ауыз су желілерін тарту және су құдықшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, диаметрі 110, 160, 63 және 20 миллиметр болатын су құбырларын жүргізу жұмыстары қарастырылған. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме – «САҚ-ҚҰРЫЛЫС» ЖШС.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары